{metadescription}
Бүгіннен бастап қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз сапарлай алады

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз сапарлай алады

Енді екі ел азаматтары 30 күн бойы визасыз сол елде жүре алады.

Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады.

Бұған жейгі СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов ҚР мен Біріккен Араб Әмірліктері визасыз режим орнатқанын мәлімдеген еді.

Келісім бойынша визасыз режим 2018 жылдың 10 наурызынан бастап күшіне енетіні хабарланған.

Ал БАӘ-дегі Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ-де демалуды жөн көретіне қазақстандықтарға кеңес беріп, визасыз тәртіп жөнінде нені білу керек екенін түсіндіріп берді.

Сонымен қазақстандықтар аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Ал ол мерзімнен асып кетсе айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі жергілікті заңнамаға сәйкес, бірінші күні 200 дирхам, ал одан кейінгі күндер үшін 100 дирхам болып белгіленген. Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген. Алайда, бұл жұмыс істеу мақсатында көзделмеген.

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.