{metadescription}
ФОТО: Жағажайдан табылған құбыжық балық жұртты шошытты

ФОТО: Жағажайдан табылған құбыжық балық жұртты шошытты

Аустралияның Квинсленд штатындағы жағажайдан ұзындығы екі метр болатын «құбыжық балық» табылды.

Балықты жағажайда демалып жүрген ғашықтар тауып алыпты.

«Оның салмағы шамамен 150 келі болады. Ол – өте үлкен», – дейді балықты тауып алған Джон Линдхольм.

Ал желі қолданушыларының кейбірі «құбыжық балықтың» саусаққанатты балықтар тұқымының целакант тәрізділер отрядына кіруі мүмкін екенін айтты. Десе де көбісі балықтың груперлер отярдынан екенін жарыса жазып жатты.

Бұл тұжырымды балық шаруашылығын бақылау жөніндегі жергілікті орган өкілдері де растады. Олардың айтуынша, балық квинслендтік групер екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде