{metadescription}
Эболадан да қауіпті вирус түрі пайда болды

Эболадан да қауіпті вирус түрі пайда болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл қауіпті эпидемия туралы әлемдегі дәрігерлердің бәріне ескертіп айтты.

Ғалымдар өлімге әкеп соқтыратын вирустың аты әлі белгісіз екенін, сондай-ақ дертті Икс деп атағандарын айтады.

«Ауруды Икс деп атағанымыз құлаққа оғаш естілетін шығар, бірақ біз диагностикалық тесттер мен вакциналарды әлі дайындау үстіндеміз», - дейді Норвегия Ғылыми Кеңесінің орындаушы директоры және ДДСҰ ғылыми кеңесшісі Джон-Арне Роттинген.

Әзірге Икс ауруының қыр-сыры зерттелген жоқ. Мамандар оның үй жануарлары немесе АИТВ, яғни көпшілікке ВИЧ атауымен белгілі ауру түріне шалдыққан адамдармен байланысуы арқылы таралатынын айтады.

ДДСҰ бұл ауру түрі Эбола вирусынан да, Ласса безгегінен де қауіпті болады деп қауіптенеді.

Эбола вирусын жаппай жұқтыру жағдайы әлем бойынша 2015 жылы тіркелген және 11 мың адам сол дерттің құрбаны болған. Бұл дерт түрімен күресуге Қазақстан, Ресей мен Қытай мемлекеттері 60 млн доллар жұмсаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.