{metadescription}
Александр Винокуров сот алдында жауап берді

Александр Винокуров сот алдында жауап берді

Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев сот алдында жауап берді.

13 наурызда қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев бельгиялық Льеж қаласының қылмыстық сотында жауап берді.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында спортшыларға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылған еді. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарып отыр. Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді.

Бұл жолы сот отырысында Колобнев пен Винокуров отырысты басқа күнге ауыстыруды сұрады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 19 маусымда өтетін болды.

"Бұл жерде талқылайтын ештеңе де жоқ. Бельгияда сот тыңдалымы тағайындалды. Бұл мәліметті белгиялық сот таратқан да шығар. Сол себепті де Қазақстанда дау-дамай болатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ (...)", - деген еді осыған дейін Винокуров Vesti.kz порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Александр Винокуров мансап жолын 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері. Ал Александр Колобнев 017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялаған еді.

Дереккөз: Sudinfo.be

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде