{metadescription}
Той күні қалыңдықты полицейлер қамап қойды

Той күні қалыңдықты полицейлер қамап қойды

Аризона штатында қалыңдық тойының алдында аздап жүйкесін тыныштандырмақ болып, алкогольдік ішімдік ішкен.

Соның салдарынан үйлену тойының салтанатты рәсіміне кешігіп қала жаздаған.

Қалыңдық қатты қобалжып тұрғандықтан, өзімді біраз басқым келді деп ақталғанымен, ол алкогольмен тым асыра сілтеп жібергендіктен, жолда полицейлер назарына ілігеді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 32 жастағы Эмбер Янг көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынған. Ақ түсті той көйлегін киген қыздың қолына кісен салып, таңғы 10:30 шамасында Марана қаласындағы түрмеге алып барады.

Абырой болғанда, Эмбер салтанатты рәсімге тура уақытында барып үлгеріпті.

Осыдан кейін полицейлер қалыңдықты құрықтап жатқан сәтті суретке түсіріп, "Мас күйде көлікті жүргізбеңіз. "Біздерді өлім айырғанша" - дегенге жағдайды жеткізбеңіздер", - деп жазба қалдырған.

Кеше

14 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.