{metadescription}
ФОТО: Ер адам әйелін пышақтап тастаған

ФОТО: Ер адам әйелін пышақтап тастаған

55 жастағы Стивен Арнольд жындыханадан шығып, үйіне келе сала әйелін пышақтап өлтірген.

Ер адамның балалары оның ауруханадан шығуына қарсы болған.

Стивен Арнольд өз-өзіне қол жұмсамақ болып, бірден жындыханаға жатқызылған болатын. Алайда, небәрі екі күннен кейін дәрігерлер оны үйіне қайтарды.

Ер адамда психикалық ауытқулар жұмыссыз қалған кезінен бастау алған.

Стивеннің қыздары дәрігерлерге әкесінің тым аз уақыт емделгенін айтып шырылдаған. Тіпті оның жындыханада дәрі-дәрмек ішуден бас тартып, шындыққа жанаспайтын әңгімелерді тым көп айтқаны белгілі болды.

Отағасы ауруханадан шығатынын естіген туыстары үйдегі барлық пышақтарды тығып тастаған.

Қайғылы оқиға болған түні Стивеннің үлкен қызы Лиэннге туыстарын хабарласады. Олар әкесінің түнгі сағат үш шамасында Facebook парақшасына өз әйелін шайтанға теңеген жазбасын көріп қалғанын айтқан. Оған қоса Стивен көпшілікті өз әйелін өлтіруге шақырса керек.

Хабар ала сала, Лиэнн ата-анасының бөлмесіне жүгіре жөнелді. Алайда тым кеш болған. 46 жастағы Карен сансыз пышақ жарақатынан қайтыс болды. Ал Стивен болса өз-өзіне қол жұмсаған.

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде