{metadescription}
ФОТО: Семей - Мақаншы бағытында жүздеген жолаушы жолда қалды

ФОТО: Семей - Мақаншы бағытында жүздеген жолаушы жолда қалды

«Семей - Мақаншы» бағытындағы жолаушылар автобусы жолда қалды. 

Семейден кеше сағат 20.00-де Мақаншыға бет алған автобус Таскескеннен шыға берер жолда қалған.

Бұл туралы Нұрқат Ежекеева есімді жолаушы хабарлады. 5 сағаттан бері жолда тұрғандарын айтқан ол құзырлы орындарға хабар бергенімен әзірге еш көмек келмегенін жеткізді.

Автобустың ішінде 80-нен астам адам бар. Оның 10-ға жуығы бала. Таңғы сағат 4-те сазбалшыққа батқан жолаушылар автобусынан өзге «КамАз» көліктері де бар екен.

Осы мәселеге қатысты Таскескен ауылының әкімі Азади Жүнісов жауап берді. Әкімнің айтуынша, келеңсіз оқиға «Семей-Алакөл» бағытында салынып жатқан жолдың кесірінен болған. Өйткені жаңбырдан кейін жол сазбалшыққа айналған.

«Хабар алдық. Қазір жолаушыларға көмектесу үшін трактор жолға шықты. Көмектесуге тырысады. Бұл 3 мемлекеттің арасындағы жол болғандықтан бұл жолды жаба алмаймыз. Бұған дейін жолға қиыршық тастар төгіп келгенбіз. Бірақ соған қарамастан жол балшыққа айналып кетті. Өйткені ауылда 3 күн қатарынан жаңбыр жауды»,- деді Азади Жүнісов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде