{metadescription}
Әлемдегі ең бақытты елдер белгілі болды, Қазақстан қай орында?

Әлемдегі ең бақытты елдер белгілі болды, Қазақстан қай орында?

2017 жылдың қорытындысы бойынша Финляндия БҰҰ нұсқасы бойынша әлемдегі ең бақытты елдердің көшін бастап тұр.

БҰҰ World Happiness Report жыл сайынғы баяндамасында ІЖӨ, жемқорлық, еркіндік, өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау сияқты көрсеткіштерге сүйене отырып 156 елдің ішіндегі ең бақытты мемлекеттерді атады. 

Былтыр 5-орыннан көрінген Финляндия биыл Норвегияны кейін сырғытып, рейтингте көш бастап тұр.

Алғашқы ондыққа Норвегиядан басқа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кіреді екен.

Ал Қазақстан бұл рейтингте 60-орынға тұрақтады. Рейтингке қарағанда бақытты елдердің басым бөлігі Еуропада орналасқан.

Ең бақытсыз елдер ретінде Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы және Бурунди танылған.

Кеше

14 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.