{metadescription}
Канелоның бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды

Канелоның бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды

Альварестің бұған дейін екі допинг-сынағы оң нәтиже берсе, екеуі теріс нәтиже берген болатын.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды. 

Еске салаық, Альварес допинг-сынақтан өте алмағаны жайлы промоутер Том Леффлерге және Невада штатының Атлеттер комиссиясына хабарлаған.

Канелоның" бірінші допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді.

Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Кленбутерол дәрумені екі бірдей допинг-тесттен оң нәтижесін берді ол кезде. 

9-наурыз күні мексикалық боксшының тағы екі допинг-сынамасының қорытындысы шығып, оның нәтижесінде боксшының қанына кленбутерол және басқа дәрумендер табылмады. 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Альварес 9-наурыз күні тағы бір допинг-текстін тапсырыпты. Бірақ бұл жолы Сан-Диего қаласында. Оның қорытындысы сейсенбі күні шығып, ешқандай дәрумен табылмаған. 

"Мен жүз пайызға бірінші допинг-сынақтың оң нәтиже берген кездейсоқ екеніне сенімдімін", - деп келтіреді Гоместің сөзін ESPN телеарнасы. 

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Екі боксшының допинг-сынақтарын VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде