{metadescription}
Папуа Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуда

Папуа Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуда

Табиғи апат салдарынан 145 адам қаза тапты, 270 000 тұрғын гуманитарлық көмекке зәру. 

Оның 125 000-ы кішкентай бала. Ресми мәлімет бойынша, Папуа Жаңа Гвинеядағы жер сілкінісі 7,5 магнитуда шкаласын көрсетті.

Хела елді мекенінде жер сілкінісі орын алған соң, үш аптада 35 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Пимига ауылының тұрғындары да апатты лагерьлерге көшірілді. Азық-түлік қоры тез таусылуда, ауырып жатқандар саны көп», - деді Пимига ауылының тұрғыны Андреас Уестбернг.

ЮНИСЕФ баяндамасы бойынша, Пимигада жер сілкінісінен ғимараттардың 70%-ы қирап қалған.

Күн сайын жердің сілкінуі қайталанып жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін дейді жергілікті билік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.