{metadescription}
Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды

Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды

Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды.

Әлем  чемпионатында шахматшы Бибісара Асаубаеваны электронды нұсқаушы қолданды деп айыптаған ресейлік бапкер Евгений Соложенкин өтіріп айтып, жала жапқаны үшін FIDE этика комиссиясының шешімімен барлық жарыстан шеттетілді.

Бұл туралы қазақстандық шахматшының қорғаушысы Александр Добровинский Facebook желісінде жазды.

«Құрметті, достар! FIDE Халықаралық шахмат федерациясының этика жөніндегі комиссиясының 30 беттік шешімі қолымда. Осы шешімге сәйкес, гроссмейстер Соложенкин Бибісара Асаубаеваға қатысты өтірік айтып, жала жапқаны үшін барлық жарыстан шеттетілді. Комиссия шешімі толықтай орыс тіліне аударылып, Facebook желісінде жарияланатын болады. Бұл жалақорлыққа қарсы күрестегі үлкен жеңіс деп білемін. Ал 28 наурызда сот отырысы өтеді», – деп жазды Добровинский.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында ресейлік бапкер Евгений Соложенкин шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында электронды нұсқаушы қолданды деген пікір айтқан еді. 

Мұнан кейін шахматшы қыз өзін айыптаған бапкерге жауап берді. Өз кезегінде қорғаушы Александр Добровинский Биысараны қорғайтынын мәлімдеді. Ендігі істің анық-қанығына көз жеткізу үшін тараптар сот отырысына қатысуы тиіс.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде