{metadescription}
Ұлды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады

Ұлды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады

АҚШ-та ұлды болғысы келген ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады деп айыпталып жатыр.

Огайо штатындағы Мейсон қаласының полициясы 33 жастағы ер адамды баласын ұрып-соғып, қауіп төндірді деп айыптап жатыр. 3 айлық қыздың миы шайқалып, бірнеше сүйегі сынған.

Мануалды терапия жасаумен айналысатын ер адам әйелімен бірге 2 қызын тәрбиелеп отыр.

Прокурордың сөзінше, ұлды болғысы келген айыпталушы қыз баланың дүниеге келгеніне көңілі толмаған. Сонымен қатар ол сәбиінің «мазасыз» болғанына жиі ашуланыпты.

Ер адам 3 айлық қызын ауруханаға алып келіп, «қайғылы оқиға» орын алғанын айтқан. Алайда дәрігерлер ер адамның сөзіне күмән келтіріп, полицияға хабар беріпті.

Полиция қызметкерлері ер адамды тұтқындады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде