{metadescription}
ШҚО аудандарында төтенше жағдай жарияланды

ШҚО аудандарында төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубоков ауданында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды көшірді, олардың бір бөлігі ауылдағы мектепке орналасса, қалғаны туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Күннің күрт жылынуынан ондаған үй мен ауланы су басты. 

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды су басқан жерден көшірді, олар қазір ауылдағы мектеп пен туыстарының үйінде тұрып жатыр. 

Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес коммуналдық және өрт қызметтері, сондай-ақ құтқарушылар Прогресс, Глубокое, Тарханка, Белоусовка ауылдарында суды сорып алып жатыр.

Жалпы, облыста 100-ден астам аула мен 49 үйді тасқын су басып қалғаны хабарланды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде