{metadescription}
Зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған

Зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған

Аргентинада ер адам зейнетке ерте шығу үшін құжаттағы жынысы туралы мәлімет пен есімін өзгертіп тастаған.

Салық инспектор болып қызмет ететін 59 жастағы Серджио құжатта есімінің соңғы әрпін өзгерткен. Енді оның есімі – Серджиа. Сонымен қатар ер адам құжаттағы жынысы туралы мәліметті өзгертіпті.

Аргентина заңы бойынша, әйелдер 60 жаста, ерлер 65 жаста зейнетке шығады.Серджио бұл әрекеттрдің барлығын зейнетке ерте шығу үшін жасаған.

Өз кезегінде Серджио гендерлік сәйкестік жөніндегі заң негізінде азаматтық жынысын өзгерткен. Заң бойынша, ел азаматтары ота жасатпастан-ақ құжаттағы есімі мен жынысын өзгерте алады.

«Бұл зейнетке шығу құқығы мен гендерлік сәйкестік жөніндегі заңды өз мүддесіне пайдалану болып табылады», – дейді провинцияның муниципалдық басқармасының басшысы Сальта.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.