{metadescription}
ВИДЕО: Сочиде қармен бірге құм жауған

ВИДЕО: Сочиде қармен бірге құм жауған

Курорттың анықтама бюросы қардың түсі сарғыш тартқанын растаған.

23 наурыз күні әлеуметтік желілерде Сочидегі «Роза Хутор» тау шаңғысы курортында қардың бетін құм басқан фотолар мен видеолар көптеп жарияланған.

«Роза Хутор» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жағдай шаңғышылар мен сноубортшылардың сырғанауына ешқандай кедергі келтірмейді. Курортта демалып жатқан туристер жергілікті пейзаждың апокалипсис немесе Марс туралы кинолардағы кадрларды еске түсіретінін жарыса жазуда.

Құм қармен бірге жауған. Шамамен құмды Солтүстік Африка жақтан дел айдап әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде