{metadescription}
Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты

Кемероводағы сауда орталығында болған өрт апатынан қайтыс болғандар саны 64 адамға жетті.

«Өкінішке қарай, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 64-ке жетіп отыр», - дейді Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков. Оның сөзіне қарағанда, алты адамның денесі әлі шығарылмаған.

«Өрт басталғанда 44 адам медициналық мекемеге көмек сұрап келген, оның ішінде 10 адам стационарда жатыр», - деді С.Петренко.

Төтенше жағдайды жою бойынша жедел штабта тағы 16 адамның іздестіріліп жатқаны хабарланды. «Олар төртінші қабаттан үшінші қабатқа опырылып түскен кинозалда болуы мүмкін», - деп түсіндірді агенттіктің дереккөзі. Бұдан бұрын 53 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков мұның ең қиын жұмыс участогы екендігін атап өтті.

«Мен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша екі участок құруды тапсырдым», - деп мәлім етті ол.

Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 53 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен. Жедел штабтан сауда орталығындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.  

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.