{metadescription}
Қазақстандықтардың 83% астамы қазақ тілін меңгерген

Қазақстандықтардың 83% астамы қазақ тілін меңгерген

Елімізде қазақ тілін меңгерген тұрғындар үлесі 83 пайыздан асты.

Бұл туралы Үкімет отырысында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» өткен жылғы қорытындысын шығарған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«Жыл сайынғы жүргізілген зерттеулер нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруінде оң динамиканы көрсетті. 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 83,1 пайызды құрады. 2016 жылы көрсеткіш біршама төмен болатын. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі 22,3 пайызды құрады», - деді министр.

Оның дерегінше, «Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру» қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылған. 2017 жылы жоба аясында орталық атқарушы органдардан мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысты.

«Сонымен қатар республикада 89 аймақтық мемлекетті тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Оқыту орталықтары Тіл туралы заңға сәйкес Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта өткен жылы тіл оқыту орталықтарында 58348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті. «Қазтест» жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2017 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны 94458 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 22837 адам», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.