{metadescription}
ФОТО: Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

ФОТО: Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Колядинге үш бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілті тапсырылды.

Аталмыш сый-құрмет Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде берілді.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада жеңімпазына Қостанай қаласынан 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 1 млн теңге, сондай-ақ жергілікті зауыттан шыққан Jac маркалы автокөліктің кілті тапсырылды.

Сонымен қатар, чемпионның алғашқы бапкері Николай Степин де сыйлық берілді. Оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде, жерлесіміздің жеңісі оңай келмегенін айта кетті.

«Шаңғыдан ҚР ұлттық құрамасының мүшесі Александр сонау 1997 жылы көлік апатына түсіп, спортқа қайта оралды. Бұл бір жағынан ерлікке татиды. Мұндай жағдайда көбі моральдық тұрғыдан алғанда әлсіз қалады. Бірақ, жерлесіміз күш-жігерінің арқасында бізге осындай құнды жеңісті сыйлады. Александр алдыңғы Паралимпиада да «алтын» алуы мүмкін еді. Алайда оған небәрі 10 секунд жетпей қалды. Ол биыл ақыры өз дегеніне жетті», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, қала әкімі Базыл Жақыпов және Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар Күзенбаев тұңғыш Паралимпиада чемпионы Александр Колядинді әуежайда қарсы алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде