{metadescription}
Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына қосылды

Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына қосылды

Сейдахметпен бірге бұл тізімде Мбаппе, Марсьяль, Доннарума секілді футболшылар бар.

Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Sideline Scouted порталы ұсынған әлемдегі ең талантты футболшылардың қатарына қосылды.

Бұл туралы "Уфа" клубы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Sideline Scouted жобасында 114 ойыншыны туралы мәлімет бар. Кітапта Сейадметтің сұқбаты шыққан. Отандасымызды авторлар "Қазақстандық Месси" деп таныстырыпты. 

Еске салайық, 18-жастағы Сейдахмет "Уфа" клубымен ұзақ мерзімдік келісімшарт жасаған болатын. Ресейлік клуб сапында ол өзінің бірінші кездесуін "Анжиге" қарсы (3:2) кездесуде өткізіп, командасының барлық голдарына атсалысты. 

Ал Қазақстан құрамында алғаш рет наурыз айында ойнады. Ол Венгрия (3:2) мен Болгарияға (1:2) қарсы ойында негізгі құрамда ойнады. Венгрлермен ойнаған кезде Сейдахмет өз командасының үшінші голын соғып, құрама тарихында ең жас гол соғушы болды.

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде