{metadescription}
ВИДЕО: Мүмкіндігі шектеулі жан Эверест шыңын бағындырды

ВИДЕО: Мүмкіндігі шектеулі жан Эверест шыңын бағындырды

Австриялық мүмкіндігі шектеулі ер адам мүгедектерге арналған арбасы сынып қалғанына қарамастан, Эверест шыңын бағындырды.

Скотт Дулан 10 күн ішінде теңіз деңгейінен 5364 метр биіктікке көтерілді. Жетінші күні оның мүгедектерге арналған арбасы сынып қалды.

«Менің көңіл-күйім түсіп кетті. Мен тастың үстінде отырып, осымен сапарды аяқтауым керек пе, әлде жоғарыға өрмелеуді жалғастыру керек пе екенін ойладым. Мен лагерьге қолымның күшімен тырмысып барғанда, бәрі маған қайран қалды. Бұл мен үшін қорлық болды», - дейді ол. Ол жоғарыға қарай өрмелеу үшін бес дана қолғап ауыстырған.

Дулан 17 жасында көлік апатына ұшырап, омыртқасын сындырып алған. Apexgen киімін шығарушылар оған 70 мың доллар беріп, бренд компанияға жарнама болу үшін мүгедектерге арналған арбамен Эверестке шығуды ұсынады. Шың басына шығу үшін ол сегіз ай дайындалады.

Ол өзінің осы әрекеті арқылы адамдарды шабыттандырып, ерінбей еңбек ету арқылы кез келген мақсатқа жетуге болатынын дәлелдегісі келді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде