{metadescription}
Елімізде 1 сәуірден бастап жаңа пойыздар іске қосылады

Елімізде 1 сәуірден бастап жаңа пойыздар іске қосылады

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар-Алматы бағытындағы №31 / 32 стандартты пойызының жылжымалы құрамы «Тұлпар-Тальго» заманауи вагондарымен ауыстырылады.

Жүрдек пойыз Павлодар стансысынан күнделікті сағат 21:11-де шығып, Алматы-2 вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға сағат 17:20-да жетеді.

Жаңа кестеге сай, жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды.

Сондай-ақ, пойыз жылдамдығының артуына байланысты сапар уақыты 3 сағатқа азаяды.

Бұдан өзге, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самарқан-Астана Нұрлы жол» бағытымен №251/252 халықаралық пойызы енгізіледі. Бұл пойыз Астанадан жексенбі күндері, ал Самарқаннан жексенбі күндері аптасына бір рет жүретін болады.

Дереккөз: ҚазАқпарт
 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.