{metadescription}
Ұшқыштар аспаннан беймәлім нысан көрген

Ұшқыштар аспаннан беймәлім нысан көрген

30 мың фут қашықтыққа көкке көтерілген екі ұшқыш Аризона аймағынан белгісіз ұшатын нысанды (НЛО) көріп қалған.

Екі ұшақ та бірдей мәлімет таратқан, енді Федералды авиация басқармасы радиобайланыс орнатпақшы.

Learjet ұшағының ұшқыштары Phoenix Air және American Airlines рейстерін орындау барысында өздеріне қарама-қарсы бағытта ұшып келе жатқан беймәлім ұшқыш нысанды көрген. Жергілікті уақыт бойынша бұл оқиға сағат 15:30-да тіркелген.

Федералды авиация басқармасы American Airlines рейсі бойынша ұшқан ұшқышқа аспандағы объект соңынан еріп отыруды тапсырады. Ол Сан-Диегоға қарай ұшқан. Басқармамен байланысқаннан кейін 1 минуттан соң белгісіз объект ұшақтың тура жанынан өткен.

«Біздің ұшақтың үстінен белгісіз бір объект өтті, бірақ оның не екенін нақты айта алмаймын. Тек белгілісі, ол объект біздің ұшақтан 2-3 мың футқа үлкен. Иә, дәл қазір үстімізден өтті», - деп ұшқыш ақпарат берген.

Дегенмен ұшқыштар бұл объектінің ұшқанын не болмаса қалықтап тұрғанын нақты айта алмады.

«Екі ұшақ арасындағы қысқаша әңгімеден басқа ақпарат жоқ. Дегенмен, дәл осы сәтте аспанда басқа ұшақ болмаған. Күнделікті аспанға ұшатын әскери және азаматтық ұшақтардың барлық типі туралы ақпаратты біз біліп отырамыз, тіпті, жоғары метеозондардың өзі туралы ақпарат басқармаға беріледі», - деді Федералды авиация басқармасының өкілі Линн Лансфорд.

Айта кетерлігі, белгісіз нысан Нью-Мексикодағы Розуэлладан 500 шақырым жерден де көрінген. Розуэлла – АҚШ тарихындағы ең әйгілі белгісіз объектілер ошағы болып саналады, себебі, 1947 жылы дәл осы жерде ұшатын тәрелке құлап, сынған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде