{metadescription}
Қазақстандықтар әлеуметтік желілердің істен шығуына шағымданды

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердің істен шығуына шағымданды

Қазақстанда Youtube, Instagram және Facebook желілерінің істен шығуы жиілеп кетті.

Қазақстандықтар аталған желілерді соңғы рет жұма күні пайдалана алмаған.

Бұдан бұрын ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда әлеуметтік желі мен мессенджерлер жұмыс істемейтіні туралы хабарлаған болатын.

Бұл Мұқтар Әблязов негізін қалаған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының экстремистік топ ретінде танылуына байланысты.

Министрлік тыйым салынған ақпараттарды тарататын шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің басшылығына хабарлама жіберген.

“Соған байланысты тыйым салынған материалдар өшірілуде. Сондықтан техникалық ақаулардан желілер істен шығып жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.