{metadescription}
ШҚО-да жауған қардың түсі неге сары

ШҚО-да жауған қардың түсі неге сары

Шығыс Қазақстан экологиялық қауіпсіздік орталығының экологтары Зыряновқа өткен аптада жауған сары қардан алынған сынама талдауының нәтижесін жариялады.

Сынамадан өнеркәсіптік кәсіпорынның ықпалынан ауаны ластайтын заттар табылмаған.

ШҚО экология департаментінің қызметкерлері өткен аптада Зырянов ауданында жауған қар тауралы ақпараттан кейін, осы өңірге барып, қардың сынамасын алған.

Мамандардың айтуы бойынша, қардың ерекше түске боялуына таяуда солтүстік-батыс желі өзімен алып келген ұзақ түйінді шөгінді тау жыныстарына - балшыққа байланысты болған. «Балшықтың ішінде оның химиялық құрамының басым бөлігін құрайтын каолинит болады.

Оның ерекше түске боялуына құрамынағы ион-хромофорлар әсер еткен», - деді ШҚО Экология департаменті зертхана басшысы Клара Рахымбаева.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Фото: yk-news.kz

 



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде