{metadescription}
"Канело" қосымша көмексіз Головкинді жеңе алмайтынын білді - продюсер

"Канело" қосымша көмексіз Головкинді жеңе алмайтынын білді - продюсер

Fight Nights компаниясының продюсері Сангаджи Тарбаев Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 5 мамырға бекітілген жекпе-жегінің соңғы жаңалықтарына қатысты пікір білдірді.


"Менің ойымша "Канело" заңды белшесінен басып, допинг қолдануға тыйым салынғанын елемеген. Мұнымен Головкинмен өтетін жекпе-жекке дайындықтың қарқынды жүргізілгенін айтуға болады. Бәлкім ол Головкинді өз күшімен жеңе алмайтынына сенбеген болар. Сол себепті ол осындай қадамға барған. Мұның үлкен дауға айналып кетерін ойламаған болар. Қалай болғанда мен Головкиннің жағындамын", - деді Тарбаев.

28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған.

Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті.

Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Дереккөз: Vesti.kz

ФОТО: Reuters

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.