{metadescription}
"Қайраттың" бразилиялық жаңа бас бапкері қазақша үйренетін болды

"Қайраттың" бразилиялық жаңа бас бапкері қазақша үйренетін болды

Футзалдан алматылық "Қайраттың" бас бапкері Кака команданың мақсаттары мен ұжымға қосылатын жаңа ойыншылар және жаңа командасы туралы ойымен бөлісті.

Бұл туралы Vesti.kz жазады.  

"Сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Мені оңай жұмыс күтіп тұрған жоқ. Команда алдына тек жоғары мақсаттар қойылды. Мен ең мықты деген команданың тізгінін ұстап, барлықтарыңыз жақсы көретін Какаудың орнын басамын. Біздің мақсат - "Қайраттың" Еуропадағы ең мықты команда етіп жасау", - деді Кака Алматыда өткен баспасөз жиыны кезінде. 

Ол сондай-ақ Игитаны бесінші ойыншы ретінде қолданатын тактиканы өзгертпейтінін айтты. 

"Мен ешқашан бұл тактикаға қарсы болған емеспін. Егер бұл ереже бойынша рұқсат етілетін болса, қолдануға болады. Қақпашыны бесінші ойыншы ретінде қолданып ойнау жақсы тактика", - деді Кака. 

Каканың айтуынша, "Қайрат" алдағы уақытта құрамын күшейтеді екен. Себебі, команда барлық турнирлерде жеңіс үшін ойнайды. 

Біз қазір ойыншылармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазір команданың концепциясы қандай болатынын анықтап алуымыз керек. Мақсат -  "Қайрат" УЕФА кубогі, Еременко кубогі және басқа да турнирлердің барлығында жеңіске жетуі керек", - дейді маман.

"Қайрат" пен Кака екі жылдық келісімшарт жасағапты. Ол алдағы уақытта Какау секілді Ұлттық құраманың да тізгінін ұстауы мүмкін. 

"Қазақстан құрамасының тізгінін ұстау мәселесіне байланысты келіссөз жүріп жатыр. Қандай да бір ақпарат шықса, міндетті түрде хабарлаймыз", - деді Кака. 

Сөз соңында бразилиялық маман қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді. Кака қазіргі уақытта португал және орыс тілінде сөйлейді. 

"Мен әрдайым жаңа тілді үйренуге тырысамын. Қазақ тілін де үйреніп алғым келеді. Дегенмен де орыс тілі секілді еркін сөйлей алмайтын шығармын. Бірақ адамдардың не айтып тұрғанын түсінетін боламын", - дейді Кака. 

Айта кетейік, 41 жастағы Рикардо Силва немесе жәй ғана Кака Әзірбайжан құрамасы мен ресейлік Газпром-Югра" командаларын жаттықтырған. Ресейлік клубпен ол УЕФА кубогінің иегері (2015/2016) атанып, Ресей кубогі (2012, 2016, 2018) және Ресей чемпионы (2014/15) атанған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде