{metadescription}
Екі интернет-порталға қатысты тергеудің себебі не

Екі интернет-порталға қатысты тергеудің себебі не

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанмбет Қасымов Ratel пен Forbes басылымдарына қатысты тергеу шараларын түсіндірді.

«30 наурызда Астана қаласының Ішкі істер департаментіне Кәкімжанов мырзаның тарапынан арыз түсті. Ол Қазақстанның Ratel мен Forbes атты сайттарында жалған ақпараттың, оның ішінде оның атақ-абыройына зиян келтіретін мәліметтердің таралуына шағымданды. Аталған арыз сотқа  дейінгі реестрде тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 3-тармағы бойынша тергеу басталды. Айта кетейін, бүгінгі жағдайға дейін ұзақ сот отырыстары болды. Медеу аудандық соты барлық сараптамаларды ескере отырып, арыз берушіге қатысты ақпараттың жалған екенін анықтады», - деді Қ.Қасымов Үкімет отырысынан соң журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, арыз беруші Кәкімжанов сот шешімі негізінде құқық қорғау органдарына шағымданды.

Сот тергеу мен тінту шараларына санкция берді.

«Сондықтан жұмыс орнында және жеке басты тінтуге рұқсат бар. Қазір тергеу органдары тиісті шараларды атқарып жатыр. Әзірше, осыны ғана айта аламын», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Дереккөз:ҚазАқпарат

ФОТО: © miaistok.su

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.