{metadescription}
ФОТО: Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті

ФОТО: Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті

Алматыда КамАЗ тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған ер адамды қағып кетті.

 Жол апаты Төле би Әуезов көшелері қиылысында болды.

Төле би көшесімен шығысқа бағыт алған жүк көлігінің алдын орап, тыйым салынған  жерден  екі адам жүгіріп өтпек болған. 

Олардың бірі үлгеріп кетсе,  екіншісі КамАЗ-дың астына түсіп қалды.

Ер адам бас жарақатымен ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде