{metadescription}
Головкинге "Канелоның" орнын басуға қай боксшы лайық?

Головкинге "Канелоның" орнын басуға қай боксшы лайық?

ESPN тілшісі Фернандо Барбоза орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Гэри О'Салливан 5-мамыр күні Сауль "Канело" Альварестің орнына Геннадий Головкин үшін лайықты қарсылас болатынын айтып берді.

Ақпан айында Альварестің қанынан спортшыларға тиым салынған кленбутерол дәрумені табылған еді. Боксшының командасы бұл дәруменнің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.

Қазіргі уақытта 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтпей қалу қауіпі бар. Дегенмен де Головкин дәл осы күні жекпе-жек өткізуге ниетті. Бірақ қарсылас басқа боксшы болуы мүмкін. 

"О'Салливан "Канелоның" орнын басатын лайықты боксшы. Бұл боксшы бұрыннан Головкиннің назарын өзіне аудартқысы келіп жүр еді. Мұндай қысқа мерзімнің ішінде Головкиннің командасы Чарло немесе Джейкобс секілді боксшылармен келісіп үлгермейді. Сондерспен кездесу де қызық болатын еді. Дегенмен онымен де келісімге келу ұзақ уақыт кетеді. 

Қазіргі уақытта О'Салливан үлкен сыйақысыз Головкинмен кездесуге дайын жалғыз боксшы. Менің ойымша, ол Головкин үшін лайықты қарсылас болады. 5-мамырда Головкинге қарсы Гэри шығады", - деді Барбоза. 

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше боксшы Альварестің орнын басуға дайын екенін айтты. Олардың қатарында отандасымыздың міндетті қарсыластары Джермалл Чарло (WBC), Сергей Деревянченко (IBF) және Деметриус Андраде де болды. 

Дереккөз: Vesti.kz

ФОТО: Reuters

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде