{metadescription}
ВИДЕО: Мас күйінде науқас қабылдады деп шулатқан дәрігер жұмыстан кетті

ВИДЕО: Мас күйінде науқас қабылдады деп шулатқан дәрігер жұмыстан кетті

Дәрігер болу оңай емес. 

Әлеуметтік желіде әбден діңкесі құрыған кардиореаниматологтың науқас қабылдап отырған сәті жұртты шулатты. 

Ресейдің Набережны Челны қаласындағы жедел жәрдем ауруханасындағы кардиореаниматологтың қабылдауына келген қыз дәрігрдің "қатты шаршап" отырғанына күдіктенді.

Қыз дәрігерді мас екен деп сескеніп оған сұрақ берді. Дәрігер жұмыстан қатты шаршағанын, кезекшілікке тәулік сайын шығатынын айтқан.

Бұл роликті көрген жұрт оның расында да шаршап отырғанына сеніп жаны ашыса, қақ жартысы дәрігер удай мас деп шулады.

Медициналық мекеменің бас дәрігері Марат Мұхамадеев: 
- Токсикологиялық сараптама жүргізілмегендіктен, ол дәрігердің мас, я мас емес шаршап отырғаны туралы нақты ештеме айта алмаймыз. Дәрігер расында да қатты шаршап немесе ауырып отыруы мүмкін, - деді Мухамадеев. 
Оның айтуынша, дәрігер өзіне қатысты роликті көріп, "даңқы" шыққаннан кейін жұмыстан кетуге мәжбүр болған.



 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде