{metadescription}
Қайтыс болған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды

Қайтыс болған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды

Британдық боксшы Скот Вестгарттың анасы ұлының өлімінен кейін дәрігерлерге ағза мүшелерін пайдалануға рұқсат берді.

Қайтыс болған боксшының ағза мүшелері жеті адамның өміріне араша түскен.

Вестгарт ақпан айының соңында Дек Спелманға қарсы өткен жұдырықтасудан кейін көз жұмды.

Британдық боксшы төрешілердің шешімі бойынша кездесуде ұпаймен жеңіске жетеді, кейіннен өзін нашар сезініп тұрғанын айтады. Жарыс барысында қос боксшы да нокдаунға түскен.

Вестгарт киім шешетін бөлмеге әрең жеткен, кейінірек жағдайы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліген. Боксшы есін жимастан миына қан құйылғандықтан көз жұмады. Ол не бәрі 31 жаста болған.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай 2017 жылдың қараша айында болған. Ол кезде 24 жастағы сальвадорлық боксшы Франсиско Руис отандасы Рикард Кортеспен жұдырықтасқаннан кейін көз жұмады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде