{metadescription}
Марсқа ара роботтар жіберіледі

Марсқа ара роботтар жіберіледі

Марсты сол жерде жүріп зерттеу жоспарынан бас тарту NASA мамандарын аталған ғаламшарды «ұшып» жүріп зерттеу туралы шешім қабылдауларына алып келді.

Құны ондаған миллион доллар тұратын ғарыш аппаратының орнына Қызыл ғаламшардың үстіңгі қабатын зерттеуге түрі араларға ұқсайтын шағын роботтар жіберіледі.

Marsbee роботтарында алып жәндіктер секілді ғаламшар бетінде ұшуға мүмкіндік беретін арнайы механизмдері болады.

NASA инженерлерінің есептеулері көрсеткендей, өте жеңіл материалдан жасалған «қанаттар» мен арнайы торс тәрізді серіппелер ғаламшарды зерттеу үшін әлдеқайда сенімді құрылғы жасауға мүмкіндік береді.

Аталған құрылғыны Алабама штатындағы университет зерттеушілері мен жапониялық ғалымдар тобы әзірлеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде