{metadescription}
Ақтөбеде аясуыз соққыға жығылған мұғалім көз жұмды

Ақтөбеде аясуыз соққыға жығылған мұғалім көз жұмды

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен аясуыз соққыға жығылған мұғалімнің денесі табылды. 

Ол ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күн комада жатқаннан кейін көз жұмды.

Аясуыз соққыға жығылған 32 жастағы мұғалім Екатерина Самсонова көп қабатты үйлердің бірінің подъезінен табылған. 

Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліпті. Ота жасалып, дәрігерлердің әйелдің өміріне араша түскеніне қарамастан, ол есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметі аталған фактінің растады. Алайда қылмыстың анық-қанығы жөнінде мәлімет берген жоқ.

Әйелдің туыстарының сөзінше, Екатерина өзін аясуыз ұрып тастаған ер адаммен таныс болған. Олар араласып тұрған екен. 

Қайтыс болған мұғалімнің анасы Наталья Самсонованың сөзінше, күдікті 1983 жылы дүниеге келген. Ол құрылыс орнында жұмыс істейді екен. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

«Ол қызымды аясуыз ұрып тастаған. Үстінде секіріп, қабырғаларын сындырған. Бізге айтқандай, оны зорламақ болған. Ол кінәсін мойындағандықтан, оны ұстады. Нәтижесінде оған «Адам өлтіру» бабы бойынша емес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр», – дейді әйелдің туыстары.

Қайтыс болған Екатерина Самсонованың артында 13 жастағы ұлы қалды.

Дереккөз: «Актобе Таймс»

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде