{metadescription}
14 хоккейші көлік апатынан қаза тапты

14 хоккейші көлік апатынан қаза тапты

Канадада «Гумбольд Бронкос» хоккей командасы мінген автобус Саскачеван провинциясының маңында жүк көлігімен соқтығысып қалды. 

16-21 жастағы спортшылар мінген автобуста 14 адам қаза тапқанын жергілікті полиция растап отыр. 

Көлікте барлығы 28 адам болған. Жол апатынан мерт болғандардың ішінде автобус жүргізушісі де бар. 

Полиция инспекторы Тед Мунроның мәліметінше, құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Нипавин қаласының шіркеуінде зардап шеккендердің отбасыларына қолдау көрсету орталығы құрылған.  

"Гумбольдт Бронкос" хоккей клубының президенті Кевин Геринджер клубтың ресми сайтында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. 

Дереккөз: BBC

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде