{metadescription}
Головкиннің Альварес бас  тартқаннан кейін БАҚ алдында айтқан алғашқы сөзі

Головкиннің Альварес бас тартқаннан кейін БАҚ алдында айтқан алғашқы сөзі

 WBA Super, WBC, IBF жəне IBO бойынша орта салмақтағы чемпион  Геннадий Головкин америкалық Сауль "Канело" Альварес  5-ші мамырда жоспарланған жекпе-жектен бас тартқан соң БАҚ алдында айтқан алғашқы сөзі мəлім болды.

Бұл туралы TalkSport.com сайтының редакторы  Майкл Бенсон твиттерде  былай деп жазды:

"Головкин БАҚ алдында  "Канело"  реванштан бас тартқан соң былай деді: "Жарайды,  "Канелоны" ұмытыңыздар."Канело" - түкке тұрғысыз".

Еске сала кетсек, 3-нен 4-ші сəуірге қараған түні баспасөз мəслихаты өткен болатын.
Оны  Альварес мүддесін қорғаушы Golden Boy Promotionsь промоутерлік компания өткізді.
Онда Головкин мен "Канелоның" 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегі  мексикалықтың бас тартуына қатысты өткізілмейтіні ресми түрде мəлімделген. 
 
Баспасөз мəслихатынан кейін "Канелоның" мəлімдемесінен соң Головкин 5-ші мамырда бəрібір жекпе-жек өткізетінін мəлімдеді.
Қазір жекпе-жектің Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтетіні белгілі.
Ал қазақстандық боксшының қарсыласы əзірге белгісіз.
 

 

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде