{metadescription}
23 жастағы велошабандоздың жарыс кезінде жүрегі тоқтап қалды

23 жастағы велошабандоздың жарыс кезінде жүрегі тоқтап қалды

Бельгиялық велошабандоз Михэл Голартстың «Париж - Рубэ» жарысында жүрек талмасы ұстап, ақыры ауруханада қайтыс болды.

Ол жарыста құлап кетіп, ауыр жарақат алған болатын.

Команданың мəлімдеуінше, 23 жастағы Михел Голартстың жүрегі тоқтап қалған.

Құлап қалған велошабандозды дереу тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Алайда дəрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

«Париж — Рубе»  жарысы техникалық жағынан өте қиын.

257 шақырымдық тасжолдың басым бөлігі қиыршық тастан құралған.

Ол велосипедті селкілдетіп отырады.

Биыл аталмыш жарыс 116-ыншы рет өткізіліп отыр.

Айта кетсек, 2013 жылы 29 жастағы қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилев Париж-Ницца жарысында алған ауыр жарақатынан мерт болған еді. Ол олимпиада чемпионы, жерлесіміз Александр Винокуровтың жақын досы болатын. 

 

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде