{metadescription}
ФОТО: Әлемдегі ең кәрі еркек қайда тұрады

ФОТО: Әлемдегі ең кәрі еркек қайда тұрады

Гиннесс рекордтар кітабы тағы бір адаммен толықтырылды. 

Әлемдегі ерекше, бірегей адамдардың қатарына енді жапондық қосылды.

 112 жас, толығырақ айтқанда 112 жас 259 күндік  Жапония азаматы Масадзо Нонака! 

Масадзо әлемдегі ең кәрі еркек болып саналады.

10-шы сәуірде жапондық филиалдың президенті Эрика Огава ғаламшардағы ең кәрі еркектің үйіне қонаққа келіп, өз қолымен оның рекордтық сертификатын тапсырды.

Масадзо Хоккайдо аралында тұрады.

"Біздің елде Гиннесс рекордын жаңартқан адамның тұратынына өте қуанамыз. Ең кәрі еркек біздің елден шығып отыр, оны мақтан тұтамыз. Нонаканоның жетістіктерін айтпағанда, ол бізге өмір құндылықтарын және ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашып береді", — деді Гиннесс рекордтар кітабының бас редакторы Крэг Глендэй.
Масадзо 1905 жылдың 25-ші шілдесінде дүниеге келген.

Ол отбасында жалғыз емес - жеті ағайынды және бір қарындасы бар. Олар жақын маңда тұрады. Және бес баласы бар.  
Нонаки теледидар тамашалағанды ұнатады. Тәттіге құмар. Өзіне әрдайым торт пен кәмпиттер сатып алады екен.

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде