{metadescription}
Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста нокаутпен жеңіске жетті

Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой бокста Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне жетті.

Индианаполис (АҚШ, Индиана штаты) қаласында өткен кездесуде Елеусінов бірінші раундтың аяғында америкалық Луис Хминесті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

6-сәуір күні өткен жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. 

Бұл 31 жастағы Елеусінов үшін кәсіпқой бокстағы алтыншы (бес нокаут) жеңісі еді. Ал 30 жастағы Хименес болса 23 рет жеңіліп отыр. Ол бар болғаны төрт кездесуде жеңіске жетсе, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Хименеске қарсы кездесу Елеусінов үшін 2016 жылдың 6-сәуірінен кейін өткізген бірінші кездесуі болды. Ол кезде қазақстандық боксшы америкалық Девон Лидан (10-3-1, 5 КО) үстем түскен болатын. Жалпы Елеусінов кәсіпқой боксқа 2014 жылы ауысқан. 

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Өз кезегінде Данияр кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28-сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізеді.

Дереккөз: Vesti.kz

ФОТО: Fightprom.com

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.