{metadescription}
Ұрыларды ұстап берген дүкен сатушысы марапатталды

Ұрыларды ұстап берген дүкен сатушысы марапатталды

тәртіп сақшылары 53 жастағы Қостанай тұрғыны Жәния Смағұлованы марапаттады.

Сатушы дүкен тонағандарды ұстап беріпті. 

Өткен демалыста үш еркек дүкен ге кіріп, бірі сатушының көңілін аударып, екіншісі кассадағы ақшаны сөмкеге салып, үшінші ұры есікті күзеткен.

Сатушы бірден сезіктеніп дабыл белгісін басып үлгірген.  Сосын тысқа ығып, дүкен есігін темірмен жапқан. Бірақ ұрының екеуі оны итеріп тастап, қашып кеткен.

Ал үшіншісі кетіп үлгермеген. Сатушыға көшеде кетіп бара жатқан қыз көмектесіп, полицияға хабар берген.

Сөйтіп дүкеніне ұрлыққа түскендерді қолға түсіруге көмектескен Ж.Смағұлова полицейлерден алғыс хат алды.

Ал күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 



 

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.