{metadescription}
Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыса алмайды

Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыса алмайды

Қазақстанның бокс федерациясы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысуға берілетін өтініш үлгілерін алды. 

Индонезияға әр елден 51,57 және 60 келі салмақтағы әйелдер барады, ал 75 келі "олимпиадалық" салмақты 57 келіге алмастырды. Бұл жарыста ерлер жеті салмақта жұдырықтасады, ал күрес 81,91 және 91 келіден жоғары салмақта өтеді. 

"Әйелдер арасындағы елдің басты чемпионатында тартыс үш салмақ бойынша өтеді, олар Джакартаға аттанатындар, мұндағы Назым Кызайбай мен Жайна Шекербекованың 51 келіге дейінгі салмақтағы көп жылғы текетіресін атап өту керек. Ал Азия ойындарының бағдарламасындағы өзгерістер жүлделі орынға үмітімізді азайтты, Дариға Шәкімбаева, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және болашағынан үміт зор ауыр салмақтағы Қамшыбек Қонақбаев биыл Азия ойындарына қатыса алмайды.

Біз жағдайды түсіндіруін сұрап, AIBA ұйымына хабарластық. Сәуірдің аяғына дейін неге мұндай салмақтар таңдағанын түсіндіреді деген үміттеміз", - дейді ҚБФ үйлестірушісі, мемлекеттік бокс бапкері Болат Әбдірахманов. 

Еске салайық, жазғы Азия ойындары Индонезия астанасы Джакартада 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүек аралығында өтеді. 

Дереккөз: vesti.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.