{metadescription}
ФОТО: Ғашықтар 42 жыл күткен тойларын өткізді

ФОТО: Ғашықтар 42 жыл күткен тойларын өткізді

Алайда қатерлі ісік уақытты бағалауды үйреткен.

42 жыл бірге өмір сүрген жұп ақыры некелерін қидырды. Алайда олар мұндай қадамға қалыңдықтың қатерлі дерті жайлы білгеннен кейін барған.

Мэнди Хелен ұйқы безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Ауру асқынып кеткендіктен, Мэнди Хелен Люситт пен Кевин Маккарти үйленуге шешім қабылдады.

Үш баланы бағып, қағып өсірген ғашықтар алғашқыда неке қию рәсімін қарапайым түрде 27 сәуір күні өткізуді жоспарлаған. Бірақ күн санап әйелдің жағдайы нашарлай бергендіктен, олар некелесу күнін кері жылжытқан.

Ақырында 5 сәуір күні 57 жастағы Мэнди мен 62 жастағы Кевин ауруханада бір-біріне серт берді. Салтанатты шараға жұптың жақын достары, туыстары қатысты.

Аурухана әкімшілігі той суреттерін Facebook-те жариялады.

 

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде