{metadescription}
ФОТО: Әкесі алты айлық қызын шатырдан лақтырып жіберді

ФОТО: Әкесі алты айлық қызын шатырдан лақтырып жіберді

Туған баласы арқылы бопсалауға көшті!

Ер адам үйін сүріп тастатпау үшін өзінің 6 айлық сәбиін шатырдан лақтырып жіберді. 

Порт-Элизабеттің маңайындағы лашықта тұратын оңтүстікафрикалық еркек қызын көтеріп алып шатырға шықты.  

Полицейліктер үйдің алдында тұрды, ал біреуі шатырға шығып ер адамды ниетінен айнытпақ болды. Ал ер адам қызының тобығынан ұстап алып ербеңдетіп зәресін ұшырды. Бұл уақытта үйдің сүрілуіне қарсы көршілері "Лақтыр, лақтыр!" - деп айқайлаумен болды. Ақыр соңында ол 6 айлық қызын лақтырып жіберді. 

Бағына орай, сәбиді жерде тұрған полицейліктер қағып алды. Адам өлтірмек болды деген айыппен бұзақы қамауға алынды.

Сәби 35 жастағы анасына қайтарылды. Аталмыш іс жергілікті әлеуметтің қызметтің бақылауында.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде