{metadescription}
ФОТО: Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді

ФОТО: Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді

Алматыда бағдарлы автобус бар жылдамдықпен келе жатып, бойжеткенді қағып өлтірді.

Куәгерлер сөзіне сүйенсек, қайғылы оқиға Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған.

126-шы автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатыпты.Өтеген батыр көшесінен өте бергенде, алдынан бойжеткен атып шығады, жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен қызды қағып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, 30-40 минут бойы қыздың өміріне араша түскен, алайда ол алған жарақатынан жан тапсырды. Бойжеткен 1994 жылы туған екен.

Қазір полиция жол апаты орнында оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде