{metadescription}
ВИДЕО: Ағзасынан 20 жыл жатқан оттық алынды

ВИДЕО: Ағзасынан 20 жыл жатқан оттық алынды

Қытайда дәрігерлер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтып қойған оттықты шығарды.

Ота Сычуань провинциясының Чэнду қаласында жасалды.

Операция кезінде түсірілген видео жарияланды. Видео ер адамның ағзасына кіргізілген арнайы камерамен түсірілді. Сол арқылы дәрігерлер оттықтың қай жерде жатқанын іздеді.

Мамандардың айтуынша, камераны екінші рет тыққанда ғана затты алып шыққан. Операция 10 минутқа созылған.

Ер адам оттықты екі мыңыншы жылға дейін байқаусызда жұтып қойған. Бұған дейін еш жері ауырып, мазаламаған соң дәрігерге қаралмаған.

Тек іші ауырып, үлкен дәреті қан араласып шыққаннан кейін ғана дәрігерлерге жүгінген.

Дереккөз: Вaq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде