{metadescription}
Тойға бара жатқан көлік көпірден құлап кетті, қаза тапқандар бар

Тойға бара жатқан көлік көпірден құлап кетті, қаза тапқандар бар

Апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы көрші ауылға тойға бара жатқан екен.

17 сәуір күні Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында жолаушыларды тасымалдайтын жүк көлік көпірден құлап кетті.

Оқиға салдарынан 30-ға жуық жолуашы жарақат алып, 20 шақты адам каза тапқан.

Жол - көлік оқиғасы штат астанасы Бхопал қаласынан 570 шақырым қашықтықта орын алған.

Деректерге сүйенсек көпірге шыға берген кезде жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, нәтижесінде жүк көлігі жолаушыларымен бірге Сон өзеніне құлаған.

Төтенше жағдай орнында әлі де құтқару жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде