{metadescription}
ФОТО:Қас-қағым сəтте үй салып тастады

ФОТО:Қас-қағым сəтте үй салып тастады

Жаңа технологиялар жеткен жетістік бойынша, үйді 10 минутта салып шығуға болады.

Британиялық Ten Fold Engineering фирмасы ойлап шығарған uBox үйі 645 шаршы фут немесе 60 шаршы метр жерге арналған. Портативті үй ауыр техникасыз-ақ өзін-өзі қайта жинай алады.

Әрбір портативті үй патенттелген тұтқыш жүйесін пайдаланады. Тасымалға арналған контейнерлер сияқты бұл үйлерді де жылжытуға болады.

Дайын үйлер тұрғындарға ыңғайлылық сезімін сыйлау үшін ойлап шығарылған.

«Біздің қазіргі өмірімізде жылдамдық деген сөз аса маңызды. Өйткені, айналамызда бәрі тез өзгереді. Заман талабына сай мына үйлер де тез арада салынып, қайта жиналады», - деді британ архитекторы Дэвид Мартин.

Аталған үйлерді тұрғын үй, дүкен, офис, шағын мейрамхана немесе көрме алаңы ретінде пайдалануға болады.

«Бұл үйлерді қыста тауда, жазда жағалауларда қолдансаңыз, өте ыңғайлы. Бай адамдардың ермегі ретінде жасалды деп ойлап қалмаңыз. Көп шығын шығармай-ақ, кез келген адам қол жеткізе алады деп ойлаймын», - деді архитектор Мартин.

Бизнесті дамыту менеджері Андреа де Бурдің айтуынша, бұл үйлер қазіргі таңда сауда, тұрғын үй, тауда орналасқан энергетика ошақтары үшін қажет болып жатыр.

Дереккөз: Baq.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.