{metadescription}
ВИДЕО: Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды

ВИДЕО: Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды

Қазақстан кубогі жолындағы жарыстың 1/8 финалында ОҚО Жетісай қаласында жергілікті «Мақтарал» футбол клубы мен ел чемпионы «Астана» командасы кездескен болатын.

Аталған матч сенсациялық есебімен ғана емес, жетісайлық футболшының матч үстінде дәрет сындыруымен де есте қалды.

Матчтың 75 минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Кеңесбай Шұбаев ойынға тыңнан қосылуы тиіс болған.

Алайда, алаңға шықпастан бұрын ол бұрышқа барып, жұрттың көзінше кіші дәрет сындырды. Мұны куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Ал, матчтың өзі 3:1 есебімен «Мақтарал» клубының жеңісімен аяқталды. Енді оңтүстік қазақстандық команда ширек финалда өнер көрсететін болады. Ал, елордалық клуб аталған ойынға негізгі емес, жастар құрамын алып келгенін де айта кету керек.

 

 

Дереккөз: sn.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде