{metadescription}
ВИДЕО: Футбол жанкүйерлері бапкердің басын жарып қойды

ВИДЕО: Футбол жанкүйерлері бапкердің басын жарып қойды

Түркия кубогының "Фенербахче" мен "Бешікташ" командалары арасындағы жартылай финалдық кездесу 58 минутта аяқталды.

Фенербахче жанкүйерлері қарсылас команданың қосалқы ойыншылары отырған жерді тиындар мен бөтелкелермен атқылаған.

Ойын төрешісі Мете Калкаван матчты үш мәрте тоқтатып, ескерту жасайды. Бірақ халық өз наразылықтарынбілдіруді тоқтатпайды.

Фенербахче ойыншылары жанкүйерлерін сабырға шақыруға тырысқан.

Бешікташтың қосалқы қақпашысы Толға Зенгін мен бас бапкері Шенол Гюнештің басына қатты зат тиген. Футболшыға аса ештене болмаған. Ал, бапкер өзін жаман сезініп жерге құлап түсті.

Бапкердің басынан қан тоқтамаған соң, ойын тоқтатылып Бешікташ алаң сыртына кетіп қалды.

Шенол Гюнешке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны тез арада жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізген.

Аяқталмай қалған кездесудің енді қашан болары белгісіз. Федерация өкілдері ойынның қызуқанды жанкүйерлерсіз өтуі мүмкін екенін айтып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде