{metadescription}
Қызғаныштан өз отбасын өртеп жіберді

Қызғаныштан өз отбасын өртеп жіберді

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Шурчинск ауданының 27 жастағы тұрғыны өзінің және ұйықтап жатқан екі баласының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Балалар қаза тапты. Денесінің сексен пайызын күйік шалған әйел ауыр қалде ауруханада жатыр.

Осы оқиғаға байланысты "қасақана кісі өлтіру", "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Навруз" махалласының 27 жастағы тұрғыны С.Т. 15 сәуірге қараған түні өзіне және екі баласы – 3 жастағы Шахрух пен бір жастағы Умардың үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Сұрқандария облыстық прокуратурасы қызметкерінің айтуынша, қайғылы оқиғадан бұрын әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ұрсып қалған.

– Ұрыс қызғаныштан болғаны тергеу кезінде анықталды. Соның салдарынан әйел екі литрлік бензин кәністірін алып, өзін және балаларын өртеген. Милиция мен өрт сөндіру қызметіне өрт туралы көршілері хабарлаған, – деді прокуратура қызметкері.

– Екі бала келесі күні ауруханада қайтыс болды, өйткені олардың денелері түгел күйіп қалған. Әйелдің денесінің сексен пайызын күйік шалған, қазір ол ауруханада жатыр. Азаматтық некедегі күйеуінің денесінің он бес пайызы күйген, ол да ауруханада. Тергеушілер қайғылы оқиға себептерін анықтап жатыр, – деді облыстық прокуратура қызметкері.

"Навруз" тұрғындарының бірінің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі басқа бір қызға үйленгелі жатыр дегенді естіген әйел осындай қадамға барған.

Дереккөз: centralasian.org

 

 

 

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде