{metadescription}
Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа-райы болып, бұршақ жауады

Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа-райы болып, бұршақ жауады

Қазақстанның аумағы бойынша солтүстік-шығыс бағытында белсенді атмосфералық фронттарымен Каспий циклоны жылжып келеді.

Сейсенбіде Қазақстанның орталығына, ал оның фронттары республиканың оңтүстік облыстарына орнығып, кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай, күшті соқпалы жел және бұршақ тудыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл циклон республиканың орталық және шығыс облыстарындағы жауын-шашынның да себебі болуы мүмкін.

Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонымен байланысты болатын, атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Мұнда сондай-ақ жаңбыр, найзағай, солтүстікте түнде сулы қар, температураның төмендеуі күтілуде.

Бірнеше аймақтарда дауылды ескерту жариялған. 24-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының жел 15-20 м/с, кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

24 сәуірде күндіз Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы кей жерлерде найзағай күркіреп, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с, 25 сәуірде түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы күтіледі. Тараз қ.: 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын; 24-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел, найзағай сақталып, тұман, бұршақ, шквал күтіледі.

Дереккөз: «ҚАЗГИДРОМЕТ»

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде